13 шілде сағат Петропавл қаласы Қожаберген жырау көшесінде ЖКО болып, нәтижесінде 38 жастағы ВАЗ 2114 автокөлігінің жүргізушісі жол бөлігіне белгісіз жерде шыққан жаяу жүргіншіні басып кетті.
Оқиға орнына полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері келді.
Сағат 00:30 шамасында оқиға орнына жақын тұрған Hyundai H350" жедел жәрдем көлігі мен өтіп бара жатқан Mercedes-Benz 124 соқтығысты. Апат салдарынан 22 жастағы фельдшер медициналық мекемеге жатқызылды.
37 жастағы Mercedes жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда көп ұзамай полиция қызметкерлері ұстады.
ЖКО фактілері ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі және 345-1-бабының 1-бөлігі бойыншасотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қамалды. Полиция қажетті сараптамаларды тағайындау және түпкілікті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал жинап жатыр. Анықтау жүріп жатыр.