Петропавлда тежегіштің істен шығуына байланысты балалар аттракционында бірнеше адам зардап шекті. Компания аталған жайтқа қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.
Оқыс оқиға 1 маусым күні орталық саябақтағы “Мир аттракционов” ЖШС аумағында болған.
"Жоғары температура және адамдардың көптігіне байланысты, аттракционда тежегіш істен шығып, салдарынан бірнеше кабина кенеттен тоқтады. Бірнеше адам зардап шекті, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Олар үйлеріне жіберілді”, - деп хабарлады компания.
Компанияның мәліметінше, аталмыш аттракцион тоқтатылған, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Елордадан сарапшы келеді деп күтіліп отыр. Содан кейін ғана аттракционның одан кейінгі тағдыры белгілі болады.
2023 жылдың көктемінде барлық аттракцион эксплуатациялық маусым алдында тәуелсіз аттестациялық зертхананың техникалық диагностикасынан өткен, деп атап өтті компания.