Петропавлда баласы мен анасы от құшқан істе қылмыс болғаны анықталды

371

Петропавл қаласы, Береке шағынауданында жас әйел мен екі кішкентай бала қаза тапқан жантүршігерлік өрт болғалы тура бір ай өтті. 

Петропавлда баласы мен анасы от құшқан істе қылмыс болғаны анықталды Фото: pkzsk.info

Бұған дейін өрттен қаза тапты деп келген құрбандар негізінде өз өлімдерімен өлмегені анықталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Петропавловск.news порталына сілтеме жасап.

20 жастағы әйел мен екі кішкентай баланың өлімі туралы үлкен істе күтпеген жағдайлар анықталды. Олардың денелері Петропавлдағы жеке үйлердің бірінде өрттен кейін табылды. Жантүршігерлік өртте тек отағасы аман қалған еді. Ол терезені сындырып, сыртқа шыққан. Оның айтуынша, ол жақындарын да шығаруға тырысты. Ал енді ер адамның кісі өлтірді деген күдікпен ұсталғаны белгілі болды.

— Сол күні қылмыстық іс қозғалды, ол полиция департаментінің тергеушілеріне берілді. Сол кезде өрттің алдын-ала себебі — техникалық ауытқудан деп хабарланды. Бірақ қазір мәселе басқада болып отыр, - дейді ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобының басшысы Евгений Журавлев.

Полиция әйелдер мен балалардың өлімі қылмыстық сипатта екенін растады. Іс "өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бабынан "екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша қайта қаралып жатыр. Полицияда өзге ақпарат берілген жоқ. Күдікті уақытша ұстау изоляторында. Қосымша сараптамалар тағайындалды. Іс облыс прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының бақылауында.

— Бұл жағдай ҚР ҚК 292-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша Петропавл ТЖБ СДТБР-да тіркелді. 21 қазанда қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағының 2-бөлімі бойынша қайта қарастырылатын болды. СҚО полиция департаментінің тергеу басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыс құрамы бойынша қосымша қылмыстық іс тіркелді,-деді полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Нұрбек Баекин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу