Солтүстік Қазақстан облысының орталығында өткен екі айда бензин екі рет қымбаттады. Кейбір бекеттерде Аи-95 бензині тек талонмен босатылып отыр, деп жазады pkzsk.info.
Бірер күн бұрын Петропавлда бензин бағасы тағы өсті. Атап айтқанда, "Эталон" ЖҚС-та Аи-92 бензинінің литрі 141 теңге болса, ал жазғы дизель отынын 128 теңгеден саудалап жатыр. Ал Аи-95 тек талонмен босатылады.
"Гелиос" бекетінде жанармай бағасы сәл де болса арзан. Бұл бекетте Аи-92-нің литрін 135 теңгеден, Аи-80– 89 теңгеден және дизель отыны 131 теңгеден құюға болады. "Shelf" жанармай құю стансаларындағы бағаға келсек, Аи-92-нің литрі 141 теңге, жазғы дизель 127 теңге тұрса, Аи-95 тек талонмен сатылады. Ал "ҚазМұнайГаз" желісінің бекеттерінде қысқы дизель отыны бар болғанымен, бағасы тым жоғары.