Петропавлда бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

784

Жарақат алғандар жоқ.

Петропавлда бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті

Петропавлда қалың қар салдарынан бес қабатты үйдің шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды 24.kz.

Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 4 наурызда түскі сағат 12:30 шамасында болған.

"112" телефон нөміріне Болатбаев көшесіндегі, 28 үйдің шатыры құлағаны туралы ақпар түсті. Төтенше жағдай орнына департаменттің басшылық құрамы, "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары" ММ-нің және "Жедел құтқару жасағы" ММ-нің жеке құрамы, Петропавл қалалық ТЖ басқармасының мамандары, Полиция департаментінің, қалалық әкімдіктің өкілдері – барлығы 31 адам, 10 техника жетті. Тәртіп сақшылары қауіпті аймақты қоршауға алды" делінген ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, 1983 жылы салынған бес қабатты үйдің шатыры жиналған қардың салмағын көтере алмай опырылған. Жалпы аумағы – 50 шаршы метр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Пәтерлерге зақым келмеген. Қазір шығын көлемі есептеліп жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу