Петропавлда бір отбасының он тоғызыншы сәбиі дүниеге келді

543

Қуанышты хабармен Петропавлдағы перинаталдық орталық бөлісті.  

Петропавлда бір отбасының он тоғызыншы сәбиі дүниеге келді Фото: invivo

Петропавлдағы ең көпбалалы отбасында тағы бір нәресте дүниеге келді. Ерлі-зайыпты Култышевтер 19-ыншы нәрестесін өмірге әкелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қуанышты хабармен Петропавлдағы перинаталдық орталық бөлісті. 

"Бойы 56 сантиметр, салмағы 4 250 грамм болатын сүйкімді қыз өмірге келді. Бұл – қуаныш пен бақыт сыйлайтын өте керемет оқиға. Шаңырақтарыңыздан береке-бірлік кетпей, жылулыққа толы болсын", - делінген перинаталдық орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді аурухананың перинаталдық орталық директоры Елена Калюжнаяның айтуынша, нәресте 6 тамыз күні таңғы сағат 5.20-да дүниеге келген. 

"Ана мен баланың жағдайы жақсы. Ертең үйлеріне жіберуіміз мүмкін. Жаңа босанған жас ананың жасы 43-те. Нәрестенің әкесі – 45-те. 19 баланың барлығы біздің перинаталдық орталықта дүниеге келген", - дейді Елена Калюжная.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу