Петропавлда елдегі ерекше ғимараттардың бірі салынып жатыр

Бұл – халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін мұз аренасының құрылысы.  

Петропавлда елдегі ерекше ғимараттардың бірі салынып жатыр Фото: gov.kz

Әзірге мұз аренасында 400 метрлік конькимен жүгіру жолы болатыны белгілі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, кешенде екі хоккей корты және керлинг алаңдары да қарастырылған. Жанынан 50 метрлік олимпиадалық жүзу бассейні, жекпе-жек, көркем гимнастика, волейбол, баскетбол және фитнес залдары бар әмбебап спорт кешені бой көтереді. Спорт нысаны "Береке" шағын орталығындағы Қизатов көшесінде орналаспақ.

– Өңірде халықаралық стандарттарға сай спорт және әлеуметтік нысандар салу бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Былтыр пайдалануға берілген үстел теннисі орталығы заманауи талаптарға толық сай келеді. Сонымен қатар, "Қарасай" стадионы УЕФА стандарттарына сәйкес қайта жаңғыртылған, – дейді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңір басшысы әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар екенін айтты. Мысалы, "Береке" шағын ауданында жаңа оқу жылында пайдалануға берілетін "Жайлы мектептің" құрылысы аяқталуға жақын. Сол сияқты "Жас Өркен" шағын ауданындағы балабақша құрылысы да қарқын алған. Жұмысшы кентінде жол өткелінің және "Берекедегі" Малая көшесінің жол құрылысы барысы бақылауға алынды. Барлық мердігер ұйымға жұмыстардың сапалы және мерзімінде аяқтау талабы қойылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу