Петропавлда емханада ер адам дәрігерге қол көтерді

444

​Петропавлдағы емханалардың бірінде науқас пен дәрігер арасында жанжал шығып, соңы медицина қызметкеріне күш қолданумен аяқталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Петропавлда емханада ер адам дәрігерге қол көтерді Фото: ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 17 тамыз күні таңертең болған. 51 жастағы қала тұрғыны дәрігердің қабылдауына келген.

Әңгімелесу кезінде екеуінің арасында түсініспеушілік туындап, дәрігердің ескертуіне ер адам агрессия танытып, оның бетінен ұрған.

Осы факті бойынша полиция қызметтік міндетін орындап жүрген медицина қызметкеріне күш қолдану дерегімен қылмыстық іс қозғады.

Полицияның мәліметінше, бұл – өңірде медицина қызметкеріне күш көрсетудің биыл тіркелген екінші жағдайы. Бұған дейін маусым айында Шал ақын ауданында жол-көлік оқиғасынан кейін зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкеріне мас ер адам шабуыл жасаған. Сот оның 1,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Айта кетейік, биыл Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігі жүргізушілерін қорғауға бағытталған жаңа 380-3-бап енгізілді.

Енді оларға қызмет барысында қорқыту немесе күш қолдану қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу