Петропавлда ер адам бензиннен өртке оранып, ауыр күйік алды

125

Оқиға 17 мамырда болған.  

Петропавлда ер адам бензиннен өртке оранып, ауыр күйік алды Фото: istockphoto.com

Петропавлда 30 жастағы ер адам от үрлегіш лампаға бензин құю кезінде отқа оранып, денесінің 90 пайызын күйік шалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Солтүстік Қазақстан облыстық көпсалалы қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына ер адам ауыр жағдайда жеткізілген. Жұбайының айтуынша, ол канистрден лампаға бензин құйып жатқан кезде қолында тұтатылған темекі болған. Нәтижесінде ыдыс жарылып, ер адамның киіміне от тиіп, ол лап етіп жанып кеткен.

- Науқас өте ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті. Денесінің 90 пайызы, соның ішінде басы, қол-аяғы, денесі мен тыныс алу жолдары күйген. ІІ–ІІІ дәрежелі күйік шогын алған. Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, - деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты алғашқы тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

- Тергеу барысында ер адамның бензинді бір ыдыстан екіншісіне құю кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны, сол себепті абайсызда қатты күйіп қалғаны анықталды. Қылмыс белгілері жоқ, - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу