Петропавлда ерлі-зайыптылар экстремистік сөздері үшін бес жылға сотталды

858

Айыпталушылар кінәсін мойындамады.

Петропавлда ерлі-зайыптылар экстремистік сөздері үшін бес жылға сотталды

Соттың мәлімдемесіне қарағанда, 2022 жылғы 11 желтоқсанда ерлі-зайыптылар телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, "Чат Рулетка" қосымшасында Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын бұзуды насихаттайтын мәлімдеме жасаған.

Олар Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын адамға өз пікірлерін ашық түрде білдірген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Liter.kz сайтына сілтеме беріп.

"Бұл – саяси және әлеуметтік қатерге әкеп соқтыратын қауіпті сөздер", – делінген соттың мәлімдемесінде.

Қылмыстық іс "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, адамдар тобы жасаған Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын, оның аумағына қол сұғылмауын және бөлінбеуін бұзуды және мемлекетті ыдыратуды насихаттау" бабы (ҚР ҚК 180-бабының 2-бөлігі) бойынша қаралды.

Айыпталушылар кінәларын мойындамады, дегенмен сот олардың кінәсі толық дәлелденді деп санайды. Ерлі-зайыптылар бес жыл бас бостандығынан айырылды. Жазаларын қауіптілігі орташа колонияда өтейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу