Петропавлда Есіл өзені арнасынан асты

251

Салдарынан халықаралық маңызы бар "Новосібір-Челябі" тас жолын су басты. 

Петропавлда Есіл өзені арнасынан асты Фото: egemen.kz

Петропавлда Есіл өзені арнасынан шығып, Заречный кенті жанынан өтетін жол жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, өткен бір тәулікте Есіл өзені қала маңында 144 см-ге көтерілген. Осылайша қауіпті деңгей – 960 см-ден асып, таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша 1038 см-ге жетті.

Қазір Есіл өзенінің тасуына байланысты, "Челябі-Новосібір" М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Ал өзен суының деңгейі 1050 см-ге жеткен жағдайда, Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін.

Сергеевка, Покровка елді мекені маңында тасқын судың беті қайтты. Өткен тәулікте Сергеевкада 15 см-ге, Покровкада 36 см-ге төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу