Петропавлда есірткі ұстаған астаналық әйел ұсталды

Ресми мәліметтер бойынша, әйелден 80 түйіншек тәркіленді. 

Петропавлда есірткі ұстаған астаналық әйел ұсталды  Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері астаналық әйелден жарты келі синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі таратуға қатысы бар күдікті әйелді ұстады. 2023 жылдың желтоқсан айында олар Набережная көшесінде кетіп бара жатқан Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты. Сонымен қатар, көлік салонында Астана қаласының ешқайда жұмыс істемейтін 43 жастағы тұрғыны отырды. Ол Петропавл қаласында уақытша тұрып келген.

Ресми мәліметтер бойынша, әйелден 80 түйіншек тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес, бұл зат мефедрон синтетикалық есірткісі болып шықты. Оның тұрғылықты мекенжайынан да есірткі мен буып-түю құралдары табылды.

Тәркіленген заттың жалпы салмағы 0,5 келіден асты. Бұның 247,8 грамы – мефедрон және 322,36 грамы – α-PvP есірткісі.

"Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша, Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша, интернет-дүкендегі кураторлары күдіктіні буып-түюші ретінде Петропавл қаласына жіберген. Әйел 2 ай жұмыс істеп келген. Алынған есірткі партиясы облыста тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі партияларының бірі", – деп түсіндірді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу