Петропавлда футболдан жаттығу барысында жасөспірім жарақат алып, көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz www.7152.kz порталына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 16 қазан күні кешкі сағат 19.00-де Ж.Жабаев көшесінің бойында Қарасай стадионына қарама-қарсы алаңда болды.
2005 жылы туған жасөспірім футболдан жаттығу барысында спорт жарақатын алды. Ішінің жоғарғы бөлігіне доп тиіп, көгалға құлаған. Салдарынан шүйде тұсының соққы алғаны анықталды.
Жедел жәрдем қызметіне хабарлама сағат 18.36-да келіп түсті. Мамандар сағат 18.40-та оқиға орнында болды. Дәрігерлер "жүректің нақтыланбаған тоқтап қалуы, нақыталанбаған кома, жабық бас-ми жарақаты" диагнозын қойды.
Сағат 20.10-да жасөспірім көпсалалы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесінде көз жұмды.