"Петропавлда гимназия асханасынан тарақан табылды": Директор жұмыстан шығарылды

102

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар Петропавлдағы гимназия асханасында санитарлық талаптың сақталмауына қатысты шағым түсірген.  

"Петропавлда гимназия асханасынан тарақан табылды": Директор жұмыстан шығарылды Фото: Жазира Закирьянова

Өңір әкімдігі осы шағым негізінде аймақ мектептерінің асханасы түгел тексерілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тексеруге қаладағы "Абай" атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия асханасында тарақандардың өріп жүруі мен тамақ сапасының сын көтермеуі түрткі болған.

Өзі басқарып отырған мектеп асханасында тиісті деңгейде қадағалау жасамаған директор қызметінен босатылды.

"Оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсеткен кәсіпкермен келісімшартты бұзу рәсімі басталды. Жақын арада мектептегі тамақтандыру қызметтерін көрсетуге арналған жаңа конкурс жарияланады", – делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Қазір осы мәселеге қатысты аймақ әкімінің тапсырмасымен ведомствоаралық комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу