Петропавлда халықаралық маңыздағы автожолды су басты

429

Есіл өзені таси бастады.

Петропавлда халықаралық маңыздағы автожолды су басты Фото: inform.kz

Бүгін таңертең "Новосібір-Челябі" халықаралық маңызы бар автожолдың 528 км су басты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, Петропавл маңында Есіл өзенінің су деңгейі бір тәулікте 27 см көтеріліп, 978 см жетті. Қауіпті меже – 1 050 см. Су деңгейі осы көрсеткішке жеткен жағдайда Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін. Қазір су осы кенттің жанынан өтетін халықаралық маңызы бар автомобиль жолын басты.

"16 сәуір күні сағат 6:15-те Есіл өзенінің тасуына байланысты, "Челябі-Новосібір" М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Су басқан учаскенің ұзындығы – 80 метр, ені – 8 метр, биіктігі – 5 см. Бұл учаскені жылда су басады. Көліктердің учаскеден қауіпсіз өтуі үшін бұл жерде белгі бағаналары, айналып өту кестесі қойылды. Кезекшілік ұйымдастырылды", - деді СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, Сергеев су қоймасында су деңгейі төмендеп келеді. Бөгеттің ернеуінен асып төгілу – 92 см. Сондай-ақ, өңірдегі шағын өзендерден де келер қауіп жоқ, суы қайта бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу