Петропавлда түрлі техниканың қосалқы бөлшегі – көп қабатты баспа тақтасы шығарылады, деп хабарлайды 24.kz.
Бұл импорттың орнын басатын отандық өнім. Қазақстанда баламасы жоқ өндірісті Киров атындағы зауыт қолға алады. Биыл кәсіпорынды жаңғыртуға ел қазынасынан 2,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Оған Сингапур, Қытай елдерінің озық құрал-жабдықтары сатып алынады. Қондырғылардың алғашқысы ақпан айында орнатылады. Толық өндіріс жазға жоспарланып отыр.
Зауытта іссапармен парламент мәжілісінің депуттары болып, жұмыс барысын бағамдады. Сонымен қатар еңбек ұжымымен кездесті.
"Қазіргі уақытта Қазақстанда Қарулы күштерімізге жағдай істейтін 40-қа жуық зауыт бар. Соның бәрі бұрынғы кездерде қисайып жатқан зауыттар, қазір аяғына тұрып, жақсарып келе жатыр. Жуырда мемлекеттік қорғаныс заказын қабылдап, сенатқа жібердік", – дейді ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Абай Тасболатов.