Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды

83

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Петропавлда із-түссіз жоғалып кеткен жігіттің мәйіті орманнан табылды Фото: instagram.com/volonterypetropavl

Петропавлда 20 шақты күн бұрын жоғалған Ролан Зуевтің денесі бүгін, 2026 жылғы 3 ақпанда қала маңындағы орманнан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 жастағы жігіттің неден мерт болғаны анықталып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

Ролан Зуевтің хабар-ошарсыз кеткендігі туралы қаңтар айының ортасында оның әпкесі полицияға хабарлаған. Үйден шығып кетіп, байланысқа шықпаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу