Петропавлда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

928

Петропавлда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Петропавлда "Жүрегімізді балаларға арнаймыз!" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Акция барысында мүмкіндігі шектеулі балалардың өз қолымен жасаған бұйымдары саудаға қойылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Акция "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының "Кедергісіз келешек" жобасы аясында өтті. Оның басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаларға қол ұшын беру.

Жәрмеңкеге қатысушылар мен қонақтарға арнап концерт қойылды. Петропавл қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары сурет салу, құмыра жасау жөнінде шеберлік сағатын өткізді.

Жәрмеңке соңында барлық қатысушылар сыйлықтар алды. Саудаға 22 автордың 50-ден астам бұйымы шығарылды. Бағаға шектеу болған жоқ. Әр адам өзіне ұнаған затты үстелден алып, кез келген соманы арнайы жәшікке салды. Акция соңында 100 000 теңге жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық қаражат көмекке зәру балалардың мұқтажына жұмсалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу