Петропавлда қала тұрғыны емханаға граната әкеліп, дәрігерлерді қорқытты

694

Ер адам Ауған соғысына қатысушы, паралимпиадалық ойындарға қатысқан.

Петропавлда қала тұрғыны емханаға граната әкеліп, дәрігерлерді қорқытты

Петропавл тұрғыны емханаға жарылғыш зат әкеліп, медициналық қызметкерлерге сес көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін таңертең болды. 58 жастағы петропавлдық 4-қалалық ауруханаға келіп, гранатамен медициналық қызметкерлерді қорқытқан. Бірден полицияға хабар беріліп, емдеу мекемесіне барлық тиісті қызметтер жұмылдырылды.

"102 нөміріне хабар сағат 9.10 минут кеткенде түсті. Оқиға орнына барлық мамандар жөнелтілді. № 4 қалалық емхана ғимаратынан барлық медициналық қызметкерлер мен дәрігердің қабылдауына келген 100-ден астам адам қауіпсіз жерге шығарылды", – дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.

Гранатаны жарғыш техниктер арнайы контейнерге орналастырды.

Мамандардың айтуынша, Ф-1 гранатасында тұтандырғышы болмаған, яғни жарылуы мүмкін емес. Ер адам ұсталып, істің мән-жайын анықтау үшін Петропавл қалалық полиция басқармасының Бірінші полиция бөліміне жеткізілді.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, оның аясында сараптама тағайындалады. Ұсталған адамның айтуынша, оның мұндай қадамға баруына медициналық мекеменің сапасыз қызметі итермелеген.

Ер адам Ауған соғысына қатысушы, паралимпиадалық ойындарға қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу