Петропавлда қалың жауған қарды көтере алмай көпқабатты үйдің шатыры ішінара опырылып түсті

413

Қаладағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің негізгі бөлігі 80-ші жылдарда салынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Петропавлда қалың жауған қарды көтере алмай көпқабатты үйдің шатыры ішінара опырылып түсті Фото: Бейнежазбадан

Біразында жөндеу жұмыстары осы күнге дейін жүргізілмеген, яғни үйдің жай-күйіне меншік иелері жүрдім-бардым қараған.

Тұрғындардың айтуынша, баспананың шатыры 45 жыл бойы жөнделіп, ауыстырылмаған.

"Соңғы күндері қалада қалың қар жауды. Жауын-шашынның мөлшері нормадан екі есе көп болды. Қар мен мұздың жиналып қалуына байланысты, бүгін Абай көшесі, 84-і үйдің төбесі ішінара опырылып түсті. Айта кету керек, мұнда шатырды жөндеу жұмыстары ешқашан жасалмаған екен. Қазіргі уақытта мамандар үйдің төбесін тексеріп жатыр. Кейін шатырды қалпына келтіру мәселесін тұрғындармен бірлесіп шешетін боламыз. Осындай апатты жағдайларды болдырмай алдын алу үшін шатырларды қар мен мұздан уақытылы тазарту қажеттігін атап өткім келеді", - деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу