Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды

373

Оқиғаға қатысты қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Петропавлда кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылды Фото: ЖИ

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт 27 тамызда Тауфик Мұхамедрахимов көшесінің бойынан анықталған.

Дененің біраз уақыт жатуына байланысты әйелдің жеке басы әзірге белгісіз. Полиция марқұмның тұрғылықты жері болмаған деген ақпаратты жоққа шығарды. Себебі мәйіттің жанынан ұялы телефон мен кілттер табылған.

Тәртіп сақшыларының болжамынша, бұл бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен және іздеуде болған әйел болуы мүмкін. Дегенмен, полиция бұл тек қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі екенін атап өтті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, әйелдің кім екені белгіленіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу