Петропавлда кәсіпкер қоқыстан пайданың көзін тапты

1042

Петропавлда кәсіпкер қоқыстан пайданың көзін тапты

Петропавлдық кәсіпкер тұрмыстық қалдықтарды ақшаға айналдырды, деп жазады 24Хабар.

Қайыржан Айсин "Даму" қоры арқылы 20 млн теңге несие алып, полигоннан сұрыптау станциясын ашты. Бұл - әзірге пилоттық жоба. Шағын өндірісте 14 адам жұмыс істейді. Олар күл-қоқысты іріктеп, бөлек-бөлек жинап қояды. Дайын шикізат Алматы, Петропавл қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындарына жөнелтіледі. Іскер азаматтың айтуынша, қала маңындағы полигонға күніне 100 тоннадай қоқыс тасталады екен. Енді ол тағы бір желіні іске қосып, кәсібін кеңейтуді көздеп отыр.   

"Біз сұрыптау станцияларын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салуды жоспарлап отырмыз. Бұл өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта қоқысты қайта өңдеуге де көшеміз", – деді кәсіпкер Қайыржан Айсин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу