Петропавлда Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі ашылды

303

Бұл – университеттің еліміздегі алғашқы өңірлік өкілдігі.

Петропавлда Қазақ ұлттық өнер университетінің өкілдігі ашылды Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Петропавлда Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің өңірлік өкілдігі жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірлесуімен жүзеге асырылды. Қазір мұнда тоғыз білім беру бағдарламасы бойынша 97 студент оқып жатыр.

Білім беру бағыттары театр, музыка, бейнелеу өнері, кино және телевизия салаларын қамтиды. Студенттер актерлік шеберлік, вокал, дәстүрлі музыка, халық аспаптары, эстрада, кескіндеме және көркем фильм режиссурасы бойынша кәсіби білім алады.

Жаңа өкілдік өңір жастарына туған жерінде шығармашылық мамандық бойынша білім алып, қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба Солтүстік Қазақстандағы мәдениет саласына қажетті білікті мамандар даярлауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу