Петропавлда қоғамдық көліктің тек алтауы ғана мүгедектерге лайықталған

1299

Жолаушыларды тасымалдау компаниялары заманауи автобустарды алуға қарсы емес. Бірақ, жол жүру ақысын көтеріп, тарифті субсидиялауды сұрайды. 

Петропавлда қоғамдық көліктің тек алтауы ғана мүгедектерге лайықталған

Қызылжардағы 300 қоғамдық көліктің тек 6-ы ғана мүгедектерді таси алады. Ал, жолаушыларды тасымалдау компаниялары заманауи автобус алу үшін жолақысын қайта қарауды сұрап отыр, деп хабарлайды astanatv.kz.

"Нұр Отан" партиясының облыстағы филиалы жолаушыларды тасымалдау компанияларының басын қосып, тығырықтан шығу жолдарын қарастырды.  

"Біз қоғамдық көліктерде бақылау жұмыстарын жүргіздік. Көптеген автобуста мүгедектерге арналған орын жоқ. Өкінішке қарай, жолаушылар тасымалдау компаниялары бұл ағаттықтар үшін жауапкершілікке тартылмайды. Біз тек кеңес берумен ғана шектелеміз", – дейді "Нұр Отан" партиясы СҚО филиалының баспасөз хатшысы Ілияс Сабдинов.

Петропавлда 2017-2018 жылдары 41 қоғамдық көлік сатып алынса, оның тек 15 пайызы ғана бүкіл талаптарға сәйкес келеді. Жолаушылар тасымалдау қауымдастығы өкілінің айтуынша, қаланы жаппай заманауи көліктермен қамтуға қаражат қолбайлау. Мүгедектерге арналған көліктер, әдеттегі автобустан екі есе қымбат тұратын көрінеді.   

"Біз мүгедектерге арналған автобустарды былтыр 17 миллион теңгеден сатып алдық. Биыл олардың бағасы 21 миллион болған. Ал, қарапайым көліктердің құны шамамен 9,5 миллион теңге. Жергілікті билік өкілдері бізге Қостанайда жасалатын отандық автобустарды ұсынды. Бірақ, оның құны тіпті 30 миллионнан асып жығылады. Бізге қымбат автобустарды алу тиімсіз. Олар өзін-өзі ақтамайды", – дейді "СҚО автокөлік одағы" қауымдастығының төрайымы Галина Семенова.

Дегенмен, жолаушыларды тасымалдау компаниялары заманауи автобустарды алуға қарсы емес. Бірақ, жол жүру ақысын көтеріп, тарифті субсидиялауды сұрайды. Қазір жолақы 80 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу