Петропавлда коммуналдық апатқа байланысты төтенше жағдай енгізілмек

255

Петропавлда 9 қарашадан бастап жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізіледі.

Петропавлда коммуналдық апатқа байланысты төтенше жағдай енгізілмек Фото: pkzsk.info

Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев қаладағы кәріз коллекторларының бірінің әбден тозығы жетіп, зақымдануына байланысты төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қала әкімдігі коллекторға жедел жөндеу жүргізу үшін осындай шешім қабылдап отыр", - деді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

Төтенше жағдай режимі 9 қарашадан бастап енгізіледі.

7 қараша күні облыс орталығындағы Жуков - Н.Назарбаев көшелерінің ауданында орналасқан диаметрі 800 мм кәріз коллекторы зақымданған. Бұл коллектор 1956 жылы салынған.

Қала билігі құбырлардың тозуына байланысты олардың зақымдануы жиілеп кеткенін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу