Петропавлда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

291

Шаһарда 40 арнайы техника мен 80-нен астам қызметкер жұмылдырылды.

Петропавлда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті Фото: inbusiness.kz

Ауа райының нашарлап, қар аралас жаңбырдың жаууы және температураның төмендеуіне байланысты Петропавлда коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, түнде көшелерді механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. 

"Таңғы сағат 6:00-ден бастап жолдарға, жаяу жүргінші жолдарына, аялдамаларға құм-тұз қоспасы себілді. Орталық көшелермен қатар қаланың шеткі көшелері де қамтылады. Жұмысқа 40 арнайы техника мен 80-нен астам қызметкер жұмылдырылды. Қажеттілік туындаған жағдайда техниканың саны көбейтіледі", делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, Петропавл қаласы әкімдігінің iKomek 109 бірыңғай байланыс орталығының операторлары тұрғындардың өтініштерін 24/7 режимінде қабылдайды. Барлық өтініштерді белгіленген мерзімде шешу үшін мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге беріледі.

Байланыс орталығына қосылудың бірнеше жолы бар:
1. "109"нөміріне қоңырау шалу
2. "Aikey" қосымшасын жүктеу арқылы
3. instagram (@ikomek_petropavl )

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу