Петропавлда 52 мың шөлмек арақ-шарап жойылды

983

Петропавлда 52 мың шөлмек арақ-шарап жойылды

Петропавл қаласында 52 мың шөлмек арақ-шарап пен 3 мың 400 қорап темекі жойылды, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жолы контрафактілік тауарлар әдеттегідей тегеурінді техниканың астында басылмай, кәріз жүйесіне төгілді. Яғни бос бөтелкелер мен қораптары қайта өңдеуге жіберіледі. Ал шылым отқа жағылды. Заңсыз сауда айналымынан алынған ішімдік пен темекілердің акциздік маркалары жалған екендігі анықталды.

Ал жолда жүк көліктерінен тәркіленген өнімдердің тасымалдау құжаттары жоқ болып шыққан.

.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу