Петропавлда көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, 97 адам эвакуацияланды

227

Өрттің жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрады.  

Петропавлда көппәтерлі тұрғын үй өртеніп, 97 адам эвакуацияланды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Петропавлда өрт сөндірушілер Ж.Жабаев көшесіндегі 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатында орналасқан пәтерде болған өртті сөндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Барлық тұрғын түтінді ғимараттан уақытылы шығарылғанның арқасында зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

СҚО өрт сөндірушілері 97 адамды баспалдақпен эвакуациялап, жедел жұмыс жасады. Сонымен қатар, 29 адам, оның ішінде 6 бала автокөлік сатысымен құтқарылды.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу