Петропавлда көзіне пышақ кірген баланың ісі басқа бапқа ауыстырылды

197

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. 

Петропавлда көзіне пышақ кірген баланың ісі басқа бапқа ауыстырылды Фото: freepik

Петропавлда көзіне пышақ кіріп кеткен үш жасар бала әлі күнге дейін ауруханада жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы факт бойынша кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алайда, бір аптадан кейін, 25 желтоқсанда қылмыстық іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бабына ауыстырылды.

Істің мән-жайы жан-жақты зерттеліп, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу