Петропавлда бірнеше күн қатарынан болған аптап ыстықтан соң күшті жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Дауыл қас-қағым сәтте бүкіл қаланың астаң-кестеңін шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Күшті жел мен нөсер жауынға байланысты сіздерден абай болуды сұраймын, әсіресе жолда сақ болыңыздар! Күшті желдің салдарынан ағаштар мен олардың бұтақтары сынып, қүлап жатыр. Электр жарығы да жиі сөніп қалуда. Мұндай жағдайда Ikomek-109 орталығына хабарласу керек. Ауа райы дұрысталса, дауыл мен жауынның салдарымен күреске кірісеміз. Барлықтарыңызды да сақ болуға шақырамын", -деп жазды қала әкімі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу