Петропавлда мас күйде электрвелосипед мінген ер адам 20 тәулікке қамалды

244

37 жастағы жүргізушінің көлік басқару құқығы болмаған.

Петропавлда мас күйде электрвелосипед мінген ер адам 20 тәулікке қамалды Фото: ЖИ

Петропавлда мас күйде электрвелосипед басқарған 37 жастағы ер адам 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Патрульдік полиция қызметкерлері оны кешкі уақытта Воровской көшесінде тоқтатқан. Ақмола облысының тұрғыны медициналық куәландырудан өтіп, оның алкогольдік мас күйде болғаны расталды. Сонымен қатар ер адамның көлік құралдарын басқару құқығы болмағаны анықталды.

Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция мас күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін ескертеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу