Петропавлда мектеп психологы оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды

2070

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы оқиғаны растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Петропавлда мектеп психологы оқушымен жыныстық қатынасқа түскені үшін сотталды Фото: lifefact.ru

Петропавлдағы №25 мектепте жанжал шығып, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қызметтік этика мен заңнаманы бұзған психолог жұмыстан босатылып, оған қатысты үкім шығарылды.

Облыстық соттың хабарлауынша, 2023 жылдың желтоқсан айында Бапашев (сотталған) кәмелетке толмаған қыздың жасын біле тұра онымен жалдамалы пәтерде жыныстық қатынасқа түскен. Қаңтар айының басында "жыныстық оқиға" тағы қайталанған.

Бұрынғы психолог жасаған ісіне толығымен өкінетінін жеткізді. Оның жазасы жеңілдетіліп, сот 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа жүйесінде өтеуге үкім етті.

Ол енді ешқашан педагогикалық мекемелерде жұмыс істей алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу