Петропавлда "мектепке қарулы шабуыл жасалады" деген хабар көпшілікті дүрліктірді

226

Жалған ақпарат таратқан жасөспірім бірден ұсталды.    

Петропавлда "мектепке қарулы шабуыл жасалады" деген хабар көпшілікті дүрліктірді Фото: polisia.kz

Мектеп оқушысы Петропавлда қаладағы оқу орындарының біріне қарулы шабуыл жасалатыны жөнінде хабарлама таратқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жасөспірім алдымен Telegram арна ашып, "облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалады" деген мазмұнда хабарлама жариялаған.

Сонымен қатар, қауіптің алдын алу үшін ақша аударуды талап еткен. Ақпаратты жариялағаннан кейін ол бұл хабарламаны оқушыларға мессенджер арқылы жолдаған.

"Кәмелетке толмаған жасөспірім 2024 жылға дейін осы білім беру мекемесінде оқыған. Ол өз әрекетін "әзілдегім келді" деп түсіндірген. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу