Петропавлда мектептердің біріне оқушы тапанша алып келген

162

Суық қару ұстаған оқушы мен оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

Петропавлда мектептердің біріне оқушы тапанша алып келген Фото: canva

Петропавлдағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысының сабаққа тапанша алып барған. Аталған жағдайға қатысты Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, қару атыс қаруы емес, пневматикалық тапанша болғаны анықталды. Мектептегі оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Соған қарамастан, дүрбелең туғызған оқушы мен оның ата-анасы жауапкершілікке тартылады.

"Тексеру қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның заңды өкілі бала тәрбиесі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа алынды. Сонымен қатар білім беру органдарына осындай жағдайға жол берген себептерді жоюға бағытталған шаралар қабылдау туралы ұсыным енгізілді", – деп мәлімдеді Полиция департаменті.

Тексеру толық аяқталғаннан кейін мектеп басшылығына, сондай-ақ осы білім ордасындағы қауіпсіздікке жауапты күзет агенттігінің қызметкерлеріне қатысты қандай да бір шара қолданылатыны белгілі болады.

Айта кетейік, елді дүрліктерген оқиға Петропавл қаласында 5 ақпанда болған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерге тарап кетті. Осы жағдайдан кейін мектеп әкімшілігі тиісті шаралар қабылдап, қауіпсіздік бақылауын күшейтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу