Петропавлда нан қымбаттады

984

Наубайханашылар бұл өсімді шикізат пен коммуналдық тарифтің қымбаттауымен байланыстырып отыр.

Петропавлда нан қымбаттады

Еліміздің солтүстігінде нан қымбаттады. Бірінші қарашадан бастап Петропавл нан-тоқаш комбинаты өз өнімдерінің 25 түріне бағаны бес пайызға өсірді, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, айрықша рецепт бойынша пісірілетін, "Ерекше" деп аталатын бөлкенің қазіргі құны сауда сөрелерінде 95 теңгеден сатылып жатыр. Ал халыққа ұсынылатын әлеуметтік нан бағасы сол қалпы - 61 теңге.

Жалпы бұл кәсіпорын соңғы рет нан бағасын 2016 жылы қымбаттатқан екен.

"Басты себеп бидай  қымбаттады. Егер бұрын біз  оның бір тоннасын 34-38 мың теңге сатып алсақ, қазір ол 48-50 мыңға жетті. Екіншіден жанар-жағармайдың бағасы бір жылда 50 пайызға дейін артты. Газ мен электр энергиясының да тарифі өсті. Бәрін есепке алып, шығынға батпас үшін осындай шешім қабылдадық", - дейді нан-тоқаш комбинатының бас экономисі Наталья Агабабян.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу