Петропавлда оқу-жаттығу кезінде тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты

735

Петропавл қаласындағы әуежай аумағында оқу-жаттығу кезінде авиациялық оқиға болып, "Аэропракт" ЖШС-не тиесілі BO-105  тікұшағының оң қозғалтқышы істен шықты. 

Петропавлда оқу-жаттығу кезінде тікұшақтың қозғалтқышы істен шықты

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, әуе көлігінің бортында оның командирі және ұшқыш нұсқаушы болған. Бірақ тікұшақ жерге сәтті қонған, зардап шеккендер жоқ.

"Аэропракт" ЖШС басшылығынан алынған мәліметтерге сүйенген, министрлік UP-ЕС114 тіркеу нөмірлі ВО-105 әуе кемесінің экипажы бекітілген жоспарға сай ұшу тапсырмасын орындағанын айтады.

"Петропавл қаласының әуежайынан 20 км қашықта орналасқан аумақтан әуеге көтерілген тікұшақтың қозғалтқышы белгіленген биіктікке жеткеннен кейін істен шығады. Экипаж командирі әуеден таңдалған алаңға қонуға мәжбүр болды.  Шешім қабылдар алдында экипаж "Қазаэронавигация" РМК ӘҚҚ диспетчеріне қозғалтқыштың істен шыққаны туралы баяндады" – деп жазылған министрліктің хабарламасында. 

ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасының қызметкерлері осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізуді бастады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу