Петропавлда оқушы қыз соғыс ардагерін соққыға жығып, жамбасын сындырды

129

Ардагер бірден көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. 

Петропавлда оқушы қыз соғыс ардагерін соққыға жығып, жамбасын сындырды Фото: ардагердің жеке мұрағатынан

Петропавлда Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Макиенконы ауруханаға түсті. Оны көшеде жүгіріп жүрген оқушы қыз соғып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстанда Ұлы Отан соғысының үш ардагері қалған. Олардың барлығы Петропавлда тұрады. Солардың бірі – Василий Макиенко. Қарт майдангер күнде серуендеп, кептерлерді тамақандыруды әдетке айналдырған. Ал кеше ардагерді Ғ.Мүсірепов ескерткішінің маңында жүгіріп бара жатқан оқушы қыз соғып, құлатқан.

“Бейнебақылау камерасынан ардагерді 9-10 жасар қыздың соғып кеткенін көруге болады. Оқушы тіпті бұрылып қарамаған. Ал атам құлап, өздігінен тұра алмаған. Қанша уақыт жатып қалғаны да белгісіз. Оны сол маңда өтіп бара жатқан жүргізушілер байқап, жедел жәрдем шақырған”, – дейді ардагердің немересі.

Ардагер бірден көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Оның жамбас сүйегі сынған.

“Ардагер толық медициналық тексерістен өткізілді. Хирургиялық көмек қажет емес. Науқас дәрігерлердің бақылауында”, – деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу