Петропавлда өрттен әйел құтқарылып, 3 газ баллоны шығарылды

340

Өрт сөндірушілер жалынның көрші үйге таралуына жол бермеді.  

Петропавлда өрттен әйел құтқарылып, 3 газ баллоны шығарылды Фото: Бейнежазбадан

Петропавлда Островский көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шығып, оқиға орнынан әйел құтқарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндірушілер үйдің ішінен әйелді тауып, таза ауаға алып шыққан. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Әйел ауруханаға жатудан бас тартқан.

Өртті сөндіру кезінде үйден үш газ баллоны шығарылды. Құтқарушылар өрттің көрші үйге таралу қаупінің алдын алды. Жақын орналасқан үйлер өрт сөндіру жұмыстарын қиындатқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу