Есігі ішінен тарс бекітулі егде жастағы әйелдің дауысын қабырғалас көршілері естіп, бірден құтқарушыларға хабарласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"ТЖМ қызметкерлері альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, төртінші қабаттың балконынан үшінші қабаттағы пәтерге балкон арқылы кірді. Пәтер ішінде орнынан тұра алмайтын 1942 жылы туылған әйел табылды. Қарияны құтқарушылар жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу