Петропавлда өзге елдерден заңсыз жолмен әкелінген балалар табылды

508

Балалардың ҚР аумағында заңды жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады.

Петропавлда өзге елдерден заңсыз жолмен әкелінген балалар табылды Фото: Polisia.kz

СҚО-да Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 сәуір СҚО полиция департаменті ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп жедел-іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласында 7 пәтерді тексерді.

Онда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.

Балалардың ҚР аумағында заңды жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады.

Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ҚР аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері болуына байланысты аталған факті 19 сәуірде ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел тергеу тобы құрылды.

Анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан да жауап алынып жатыр.

Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу