Петропавлда сәбиін терезеден лақтырмақ болған әке ұсталды

805

Ер адам масаң күйде болған.

Петропавлда сәбиін терезеден лақтырмақ болған әке ұсталды Фото: inbusiness.kz

Кеше, 20 қыркүйек күні кешке төбелес туралы қоңырау бойынша жатақханаға келген полиция қызметкерлері жаңа туған баланы аман алып қалды. Өз әкесі оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жібермек болған, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"20 қыркүйек сағат 17:49 шамасында Петропавл қаласындағы жатақхананың 5-ші қабатындағы бөлмеде төбелес болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полицейлер бөлменің ішінде есікті құлыптап алған және нәрестені терезеден лақтырып жіберемін деп қорқытқан ер адам бар екенін анықтады. Жатақхананың жанына учаскелік полиция инспекторлары, ТЖД, медицина қызметкерлері келді", деп жазылған хабарламада.

ТЖД қызметкері өзін шатырға байлап, терезе арқылы ішке енді. Ер адамды еденге құлатып, есікті ашқан соң ішке полиция қызметкерлері қызметкерлері кіріп, бөлменің иесін қолға түсірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу