Петропавлда шетел азаматтарынан бір млн доза героин тәркіленді

487

Олардың есірткіні сатпақ болғаны анықталды.

Петропавлда шетел азаматтарынан бір млн доза героин тәркіленді

Петропавлда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Ауғанстан және Қырғызстаннан келген екі шетелдіктен 9 келіден астам героин тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

"Арнайы органдардың қызметкерлері өңірде есірткінің бұрын-соңды болмаған аса ірі партиясын тоқтата алды. 9 кг героиннен орта есеппен бір реттік қолдануға болатын шамамен 1 млн доза шығады. Тергеу барысында Ауғанстан және Қырғызстан азаматтарының бұл есірткіні одан әрі жеткізіп, сатпақ болғандығы, соның ішінде СҚО тұрғындарына да өткізуді мақсат тұтқаны анықталды. Айыпталушылардың кінәсі толығымен дәлелденді. Соттың үкімімен шетел азаматтарының әрқайсысы 11 жылға бас бостандығынан айырылады", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасынан.

Сотталушылар жазасын ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде өткереді. Жалпы биыл СҚО-да есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін барлығы 60 адам сотталды. Оның ішінде 20 адамға есірткіні өндіргені үшін 10 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу