Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы ірі көлемде пара алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б., соттың мүдделі тұлғаның пайдасына оң шешімі үшін 15 мың АҚШ доллары сомасында ірі көлемде пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталды”, – делінген жоғарғы сот хабарламасында.
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жарияланбайтыны айтылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу