Ойқала ауданында Мамлют дәрігерлеріне полицейлердің көмегі қажет болды.
Олар соқырішекпен ауырған 14 жастағы баланы қалаға апара жатқан. Жедел жәрдем көлігі көпір арқылы қалаға қарай жүргенімен, әріқарай қозғала алмады. Себебі Потанин көшесін су басқан.
Жедел уәкіл баланы арқасына отырғызып алып, қайыққа қарай бет алды. Қайыққа баланың анасы мен медицина қызметкері де отырғызылды. Оларды облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері судың арғы жағынан күтіп алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу