Петропавлда сыныптастарын балтамен жарақаттаған оқушы 6 жылға сотталды

501

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Петропавлда сыныптастарын балтамен жарақаттаған оқушы 6 жылға сотталды Фото: pixabay

Петропавлда мектепке қаруланып келіп, үш баланы жарақаттаған жасаөспірім ісіне үкім шықты. Алқа билердің қатысуымен өткен сотта оқушыларды өлтіруге оқталған кәмелет жасына толмаған бала кінәлі деп танылып, 6 жыл 9 айға сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының мәліметінше, бүгін СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен кәмелет жасына толмаған Д.-ға қатысты іс қаралып, айыптау үкімі шықты. Жасөспірім оқушыларға қастандық жасап, өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

Мемлекеттік айыптаушы мен алқа билерге оның кінәсін дәлелдейтін фактілер, оның ішінде болған оқиғаның бейнежазбасы ұсынылды.

Алқа билердің үкімімен Д. Қылмыстық кодекстің 24-бабы 2-бөлігі, 99-бабы бойынша 6 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған түзету колониясында өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, оқиға ақпан айында Петропавлдағы №4 орта мектепте таңертең болды. Осы оқу ордасының 9-сынып оқушысы сөмкесіне тығып, өзімен бірге ас үйде қолданылатын балта мен пышақты ала келген.

Ол мектепте бетперде киіп, қарсы шыққан үш жасөспірімді жарақаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу