Петропавлда тергеуде жүрген жігіт тағы да синтетикалық есірткімен ұсталды

154

Тәркіленген психотроптық заттың жалпы салмағы 276 грамнан асты. 

Петропавлда тергеуде жүрген жігіт тағы да синтетикалық есірткімен ұсталды Фото: freepik

Петропавлдың 19 жастағы тұрғынынан "эфедрон" деп аталатын психотроптық заттың 123 грамнан астамы тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқық қорғау органдары прокуратура өкілдерімен бірлесіп жүргізген іс-шара барысында синтетикалық есірткі жігіт жалға алған пәтерден табылды.

Күдіктінің көрсетуі бойынша кейінірек Петропавлдың шет жағынан полиция жас жігіт бұрын жасырып кеткен, аса ірі көлемдегі есірткі сақталған жасырын қойманы анықтады. Тәркіленген психотроптық заттың жалпы салмағы 276 грамнан асты.

Бұған дейін де петропавлдық осыған ұқсас қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ол қолхатпен жіберілген еді.

Енді сот оған қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу