Петропавлда туған қызын терезеден лақтырмақ болған ер адам жазаланды

690

Енді ол 120 сағат қоғамдық жұмысқа жегіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Петропавлда туған қызын терезеден лақтырмақ болған ер адам жазаланды Фото: canva.com

Сондай-ақ одан зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өндіріліп алынды.

Қылмыстық істі Петропавл қалалық соты қарады. Сотталушы кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінетінін білдірді.

Сот қылмыстық теріс қылықты мас күйде жасағандығын айыпты ауырлататын жағдай деп есептеді.

Еске сала кетейік, жаға ұстатарлық жағдай Петропавл қаласында орын алған. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары мас ер адамның әйелімен жанжалдан соң пәтер есігін жауып алып, жаңа туған нәрестесін 5-қабаттан лақтырамын деп қорқытып жатқанын көрген.

Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, шатыр арқылы терезеден ішке енген. Сөйтіп қайғылы оқиғаның алдын алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу