Петропавлда ТЖД қызметкерлері дабыл қағып жатыр

903

Петропавлда ТЖД қызметкерлері дабыл қағып жатыр

Петропавлда жылыту маусымы басталғалы бері жеке тұрғын үйлердегі қауіпсіздік шараларына деген салғырттықтан қайғылы оқиғалар жиілей түскен, деп хабарлады Хабар 24.kz

Осыны қаперге алған төтенше жағдайлар қызметкерлері дабыл қағып, арнайы рейдтік шаралар жүргізуде. Олар үй-үйді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірумен айналысып жатыр. Айта кеткен жөн, жалпы облыста биыл Аққайың ауданында өрт саны артқан. Яғни былтырғы жылмен салыстырғанда ол 33%-ға өсіп отыр.

"Петропавл қаласында өрттің саны төмендегенімен, өртте адамдардың қаза болуы 1,5 есеге өскен. Өрттің негізгі себептері болып, адамдардың пешті құрыстарып пайдаланғанда, электр жабдықтарын құрастырғанда және отпен абайсыз болғанда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болып табылады. Осындай өрттерді болдырмау мақсатында біздің мамандар апта сайын осындай іс-шаралар жүргізуде", – дейді облыстық ТЖД азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Айдын Ысмағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу