Петропавлда үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

928

Жыл басталғалы бері 28 солтүстік қазақстандық тілсіз жаудан қайтыс болған.

Петропавлда үй өртеніп, 3 адам көз жұмды

Петропавлда жеке тұрғын үйде өрт болып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнгі сағат екіде Жұмысшылар кентіндегі тұрғын үй отқа оранған. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үйден 32 жастағы оның иесі мен 9 және 5 жастағы екі баланың денесін алып шықты.

"Марқұмдардың мәйіттері сот-медициналық сараптамасына жіберілді. Алғашқы бөлімшелер келген кезде үйдің шатыры толығымен өртке оранған. Бұл өрттің уақтылы анықталмауын және өрт туралы хабарламаның кеш түсуін көрсетті. Өрт ішінара көрші үйге тараған. Оқиға орнында алты техника, жеке құрамның 20 қызметкері жұмыс істеді. Өрттің және адамдар өлімінің себебін жедел-тергеу тобы анықтайды", – деді төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Жыл басталғалы бері 28 солтүстік қазақстандық тілсіз жаудан көз жұмған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу