Петропавлда үйі өртеніп кеткен отбасыларға уақытша баспана беріледі

719

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өрттен зардап шеккендер уақытша баспанамен қамтылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Петропавлда үйі өртеніп кеткен отбасыларға уақытша баспана беріледі Фото: Петропавловск News

Петропавлда жеті отбасы өрттің салдарынан баспанасыз қалды. Қазір олар мектепте ашылған эвакуациялық пункте тұрып жатыр.

"Береке" шағынауданында өрт шығып, бүлінген үйлердің тұрғындары №25 мектептегі эвакуациялық пунктіне уақытша орналасты. Олар тамақ және жатын орынмен қамтамасыз етілді.

Өрттен зардап шеккендермен кездестім. Арнайы комиссия құрылды. Тұрғындар уақытша баспанамен қамтамасыз етіледі", деп жазды облыс басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жинау басталғанын хабарлады.

"Бүлінбейтін азық-түлік, тұрмыстық химия, таза киім-кешекті қалалық мәдениет үйіне әкеліп тапсыруға болады.

Мекенжайы: Петропавл қаласы, Сәтбаев көшесі, 37", - делінген хабарламада.

Пункт гуманитарлық көмекті сағат 9.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін қабылдайды.

Еске сала кетсек, кеше Петропавлдағы "Береке" ықшамауданында қамыс жанып, арты үлкен өртке ұласты. Салдарынан 40 адамды қауіпсіз жерге шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу